Семейде жаңа туған нәресте Астанаға санитарлық авиациямен жеткізілді

Кешелі бері БАҚ-та және әлеуметтік желіде Семейде жаңа туған нәрестенің перзентханада күйіп қалғаны жайлы ақпарат тарады. Соған қатысты Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасынан жауап берді.

— Нәресте 2 наурызда сағат 00.50-де 39 апта 2 күнінде туды. Салмағы — 4150 грамм. 40 минуттан соң ол неонатальды қарқынды терапия бөлімшесіне «Жаңа туған нәрестедегі тыныс алу бұзылыстары» диагнозымен ауыстырылды. 3 наурызда балада тырыспа (судорога) пайда болды, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, жүргізілген зерттеулерде субдуральды және оң жақ қабырғаның миішілік гематомасы анықталған. Екі күннен кейін ота жасалып, гематома алынып тасталған.

— Отадан кейін баланың терісінде жара бар екені анықталған. Ол күйіктен болатын жараға тән емес. Себебі жара ары қарай таралып кетті. 11 наурызда республикалық мамандармен телеконсультация қорытындысы бойынша алдын ала диагноз қойылды: 3 және 4 дәрежелі қарыншаішілік қан кету, жаңа туған нәрестенің фульминантты пурпурасы. Нәресте Астанаға санитарлық авиациямен жөнелтілді. Онда теріні тексеру, диагнозды нақтылау және кейінгі ем тағайындау үшін қосымша тексеру жүргізіледі, — делінген хабарламада.

Новые статьи

В Казахстане введут автоматизированный учет медицинских допусков водителей

В Казахстане планируют автоматизировать учет медицинских заключений, необходимых для управления транспортными средствами. Министерство здравоохранения подготовило проект приказа, который определяет единый порядок регистрации и обновления...

В Казахстане утвердили новый профстандарт по цифровизации и ИИ в энергетике

В Казахстане развивают систему профессиональных квалификаций для электроэнергетики и теплоэнергетики с учетом цифровизации и внедрения искусственного интеллекта. Эти вопросы обсудили 23 октября в Астане...

Нацбанк Казахстана снизил базовую ставку до 15,75%

Комитет по денежно-кредитной политике Национального Банка Казахстана снизил базовую ставку до 15,75% годовых с коридором в один процентный пункт в обе стороны. Решение принято...

ШҚО-да биыл баласына алимент төлемеген 21 адам сотталды

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері баласына алимент төлемеген 21 адамға сот үкімі шықты. Өңірде биыл алимент төлеуден жалтарған ата-аналарға қатысты 43 қылмыстық іс қозғалды....