Алтай және Ұлан аудандарында жұмыс уақыты өзгертілді

Жыл басынан бері облыстағы бірнеше аудан жаңа жұмыс кестесіне ауысты. Бұл өзгеріс алғаш болып Катонқарағай ауданында жасалған. Көп ұзамай Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самар, Күршім аудандарында да жұмыс уақыты бір сағатқа шегерілді. Енді осындай жаңашылдық Алтай және Ұлан аудандарында жасалып отыр.

Жаңа ережеге сай, осы аудандардағы мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар таңғы 08:00-ден кешкі 17:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленген. Ал мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелер бұрынғы кесте бойынша жұмысын жалғастыра береді. Өйткені олардың жұмыс уақыты бұрыннан осындай форматта қалыптасқан.

Алтай ауданында бұл өзгерістер тек мемлекеттік құрылымдарды ғана емес, әлеуметтік саланы да қамтыды. Аудан әкімі Ренат Құрмамбаев тұрғындардың бұл өзгерісті толықтай қолдағанын айтты.

— Барлық елді мекенде жұмыс кестесінің өзгеруіне қатысты кездесулер өтті. Халық жұмыс уақытын оңтайландыру бастамасын қолдады. Бұл өзгеріс азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған, — деді Ренат Құрмамбаев.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске представили музыкальный спектакль «Ангел в тюбетейке»

На сцене Восточно-Казахстанского театра драмы и оперетты зрителям представили музыкальный спектакль «Ангел в тюбетейке» по мотивам одноименного фильма. Яркая, теплая и наполненная национальным колоритом...
00:00:41

Аким ВКО: нужно использовать в борьбе с паводками цифровые технологии и искусственный интеллект

Паводковая ситуация в Восточно-Казахстанской области остается стабильной, однако регион входит в наиболее рискованный период. Об этом говорили на совещании в областном акимате под председательством...

В Казахстане ожидается рост цен на бензин в апреле

В Казахстане в апреле ожидается рост цен на бензин — в конце марта завершается действие моратория на регулирование стоимости топлива. По оценкам экспертов, подорожание неизбежно,...

В Усть-Каменогорске выявлен водитель авто с подложными регистрационными номерами

В ходе оперативно-профилактических мероприятий сотрудники батальона патрульной полиции УП города Усть-Каменогорска остановили автомобиль, вызвавший подозрение. Инцидент произошел на улице Жибек Жолы. Внимание полицейских привлек автомобиль...