Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысында оқушылар арасындағы әлімжеттік туралы видео тарап кетті. Соған қатысты полиция департаменті түсінік берді.
Өткен аптада бір топ жасөспірімнің арасындағы әлімжеттік туралы видео әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түсті. Онда бұл оқиғаның Ұлан ауданы Герасимовка ауылында болғаны жазылған.
Алайда ШҚО Полиция департаментінің өкілдері видеоның осыдан 2 жыл бұрын түсірілгенін мәлім етті.
— Видео 2023 жылы Герасимовка орта мектебі аумағында түсірілген. Сол кезде оқиғаға қатысушылармен және басқа да оқушылармен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Бұл жасөспірімдермен мектеп психологы жеке сөйлесті. Қазір олардың екеуі 10-сыныпта оқуын жалғастырып жатыр. Ал қалғандары колледждер мен университеттерге оқуға түсіп кетті, — делінген ақпаратта.