в

Бұқтырмада мұз астына түсіп кеткен көлік шығарылды

Абай облыстық Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, Көкпекті ауданының тәртіп сақшылары Бұқтырма су қоймасындағы «Табанды қара» учаскесінде мұз астына жартылай түсіп кеткен көлікті көрген. Олар дереу жүргізушіге көмекке ұмтылды.

— Жүргізуші өз күшімен мұздан шыға алмаған. Полицейлер жағдайды жылдам бағалап, тростың көмегімен көлікті бекітіп, оны қауіпсіз жерге алып шықты. Құтқарылған жүргізуші полиция қызметкерлеріне өз алғысын білдірді, — делінген ақпаратта.

Осы ретте, департамент қызметкерлері азаматтарды мұз үстімен, оның ішінде «Табанды қара» учаскесінде жүргенде барынша сақ болуға шақырды. Мұздың беріктігі туралы нақты ақпарат болмаса, қауіпсіздік мақсатында автокөлікпен мұз үстіне мүлде шықпаған жөн.

В Усть-Каменогорске пройдет первый Республиканский фестиваль ковроткачества и декоративно-прикладного искусства «Вековые традиции»