в

Өскемендегі қоғамдық көліктерді «Onay» жүйесіне көшіру сәуір айына шегерілді

Бұған дейін қала әкімдігі «Onay» жүйесіне наурыз айында көшуді жоспарлаған. Алайда әзірге мамандар жабдықтарды автобустар мен трамвайларға толық орнатып үлгермеді.

— Наурыз айында әлеуметтік санаттағы азаматтар үшін жеңілдік карталарын жасап шығару көзделіп отыр. 15 наурыздан кейін қалада «Оңай!» карталарын сату нүктелері айтылады. Сол карталарға мобильді қосымша арқылы да, оффлайн пункттерде де теңгерімді толтыруға болады, — дейді Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рашид Шерубаев.

Тасымалдаушылардың қазіргі қолданыстағы карталарында қалған қаражатты Жолаушыларды тасымалдауды басқару орталығына барып қайтарып алуға болады.

Вопросы предотвращения пыток обсудили на диалоговой площадке при МИД Казахстана

Гимнастки ВКО завоевали бронзу на Vl молодежных играх РК