в

ШҚО кәсіпорындарындағы жазатайым оқиғалар саны 8,1%-ға көбейді

Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитеті ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, еңбек инспекторлары өткен жылы кәсіпорындарға 405 тексеріс жүргізіп, 1322 заңбұзушылықты анықтаған.

— Олардың басым бөлігі еңбек қатынастары мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты болды. Осыған байланысты 143 ұйғарым шығарылып, кәсіпорындарға 35,1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Бүгінде облыстағы 9 кәсіпорынның 304 жұмысшысы жалақыларын ала алмай жүр. Компаниялардың өз қызметкерлеріне қарызы 149,9 млн теңгеге жеткен, — дейді департамент басшысы Бақытбек Қизатов.

Соңғы бір жылда облыста 106 өндірістік жазатайым оқиға тіркелді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,1%-ға көп. Барлығы 17 адам қаза тауып, 66 жұмысшы ауыр жарақат алды.

Оқиғалардың негізгі себептері – қызметкерлердің өрескел қателіктері мен жұмыс жағдайларын ұйымдастырудың қанағаттанарлықсыз деңгейі.

53,8 млн штук молоди различных видов рыб выпущено в естественную среду обитания в 2024 году

На 70% завершено строительство поликлиники в поселке Касыма Кайсенова