в

Шығыс Қазақстанда 8 наурыз мерекесіне орай бірнеше санаттағы әйелдерге 15 мың теңге беріледі

Бұл туралы облыс әкімдігінен мәлім етті.

— Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде ана мен баланы қолдау тетіктері көзделген. Осы ретте, 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыста «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге, 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар аналарға 15 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем беріледі, — делінген ақпаратта.

Бүгінде Шығыс Қазақстанда 12 400-ден астам көпбалалы әйел тұрады. Оның ішінде: 4 және одан да көп кәмелетке толмаған баласы бар 8829 әйел бар. Сондай-ақ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған 3588 көпбалалы ана тіркелген.

Дефицит врачей в Казахстане снизился на 19% по итогам 2024 года

Өскеменде жылу тапшы болса да, іргедегі шағын ауданның қазандығы толық пайдаланылмауда