Осыған дейін қаладағы қоқыс сұрыптау зауытының қызметкерлері тұрмыстық қалдықтың арасынан жаңа туған нәрестенің денесін тауып алғаны жайлы жазғанбыз. Олар бұл туралы бірден полицияға хабар берді. Сөйтіп, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, жедел-іздестіру шаралары барысында шақалақтың анасы анықталды. Ол 44 жастағы әйел болып шықты.
Ол тергеушілерге 22 ақпанда дәрігердің көмегінсіз үйде босанғанын, шақалақта тіршілік белгілері байқалмаған соң, оны қоқыс жәшігіне апарғанын айтқан.
Көпбалалы әйелдің бес баласы бар. Әйел жүктілік кезінде емханада есепте тұрмаған, дәрігерлерге қаралмаған. Бірақ босанғаннан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Қазір полицейлер тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Әйел психиатриялық есепте тұрмаған.