в

Өскеменді түтін басып тұрса да мектептер не себепті қашықтан оқуға көшпей келеді?

Тұрғындар жел соқпай, көшелерді түтін басып тұрса да, сабақтың онлайн форматқа не себепті ауыстырылмай отырғанын түсінбей әлек. Мәселен, қараша айында қолайсыз метеорологиялық жағдай ұзаққа созылғанда балалар мектепке бармаған болатын.

Осы мәселеге байланысты «Өскемен тынысы» экологиялық бюросы жобалық кеңсесінің жетекшісі Елена Березинская-Абилова түсінік берді.

— Бізде балаларды қашықтан оқытуға көшірудің нақты механизмі жоқ. Бұл тәжірибе облыс әкімінің тапсырмасымен қараша айында бір рет қана қолданылған. Бірақ тұрақты тәжірибеге айналу үшін нақты алгоритм қажет. Осындай алгоритмді мәслихат отырысында бекітуді көздеп отырмыз. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр, — деді ол.

Демек, құжат қабылданғанға дейін мектептер қолайсыз метеорологиялық жағдай кездерінде онлайн форматқа көше алмайды.

Чистый отток населения из регионов Казахстана составил более ста тысяч человек

На территории мусоросортировочного завода в Усть-Каменогорске обнаружили тело новорожденного ребенка