в

Семейде соққыға жығылған 11 жастағы бала дәрігерлердің бақылауында

Абай облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, бала қазір педиатрдың, травматологтың және невропатологтың динамикалық бақылауында.

— 11 жастағы жеткіншек ауруханаға 23 ақпанда түсті. Оған дер кезінде медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп, қажетті тексерулер жүргізілді. Қойылған диагноз — жабық бас-ми жарақаты. Басында, аяқ-қолында көптеген теріасты гематомалар анықталды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Бірақ психоэмоционалдық күйі мен диагнозына байланысты бақылауды қажет етеді, — делінген ақпаратта.

Ведомство дерегінше, балаға қажетті диагностикалық тексерулер жүргізіліп, соның қорытындысы бойынша өміріне қауіп төндіретін себептер анықталған жоқ.

На 11% подорожали услуги общепита в Восточном Казахстане

В Казахстане охват онкопациентов лучевой терапией составляет 41%