в

Семейде 6-сынып оқушысы соққыға жығылған мектеп директоры жұмыстан шығарылды

Абай облыстық Білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, Семейдегі оқиғаға байланысты бірнеше мектептің басшылық құрамына тәртіптік жаза қолданылды.

№9 мектеп директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ іске қатысы бар жеткіншектер оқитын басқа білім ордаларының басшылары да жауапқа тартылды.

— Семей қаласының №15 мектеп директоры мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды. Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды, — делінген ақпаратта.

Ситуация с нефте- и газодобычей в Казахстане оценивается как устойчивая, а перспективы — обнадеживающие

В 2024 году в РК снизилась смертность от болезней системы кровообращения