в

Семейлік әйелден есірткінің 1200 дозасы тәркіленді

Семей қаласында есірткі саудасымен айналысқан әйелден 18 млн теңгенің есірткісі тәркіленді.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары 30 жастағы әйелдің жалға алынған пәтеріне тінту жүргізді. Соның нәтижесінде, еденде жатқан сөмкенің ішінен бес полимерлі орама бар косметика салатын сөмкеше, таразы, қасық, бұрағыш, бос zip-lock пакеттері, қайшы мен қара лента табылды.

— Сараптама қорытындысы тәркіленген заттың мефедрон-психотропты заты, меткатинонның (эфедронның) аналогы екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 383,65 граммды құрады, бұл 1200 дозаға тең. Қара нарықтағы бағасы — шамамен 18 млн теңге, — делінген ақпаратта.

30 жастағы күдікті әйел психотроптық затты сақтау және ірі көлемде таратуға қатысы бар екенін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Казахстанцы получили пособий и соцвыплат по инвалидности и потере кормильца на сумму 60 миллиардов тенге

Полицейские Усть-Каменогорска задержали закладчика из соседнего региона