«Қаңғырған иттер қаптап жүр»: Өскеменде көшедегі иттердің көптігіне күн сайын 5 адам шағымданады

Өскемен көшелерінде құжынаған иттер мәселесі әлі де шешімін табар емес. Иттер бірнеше шағын аудан халқын үрейлендіріп отыр. Бірақ иттерді қорғап жатқандар да көп.

— Күн сайын қала тұрғындары бізге хабарласып, қаңғырған иттердің қаптап кеткеніне наразылық білдіріп жатады. Жануарлар құқығын қорғаушылардан да шағымдар түсуде. Мәселен, біздің мамандар шағын аудандарға барғанда басқа біреулер атып кеткен иттерді табады. Әлбетте, олар өлекселерді жинап алады. Сол кезде қолына камера ұстаған адамдар атып шығып, «иттерді атып жатыр» деп байбалам салады. Өскеменде дәл осындай 10 оқиға болды. Қазір сол бойынша тергеу басталды, — дейді Шығыс Қазақстан облысының ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықов.

Өткен жылы көше кезген иттердің тым көбейіп кеткені жайлы тұрғындардан 2 мыңнан астам шағым түсті. Бүгінде күн сайын иттерді атуға кем дегенде 5 адам өтініш білдіруде. Кейбіреулер тіпті далаға шығуға қорқатындықтарын айтып жатыр.

Новые статьи

В Астане пройдет международная конференция по охране труда

В Казахстане готовятся к проведению 14-й Международной конференции и выставки по охране труда и промышленной безопасности KIOSH-2026. Мероприятие пройдет с 28 по 30 апреля...

Этнокультурные объединения РК провели акции по благоустройству и озеленению

В рамках республиканского экологического проекта «Таза Қазақстан» этнокультурные объединения проводят системную работу по формированию экологической культуры. В регионах страны организовано более 50 мероприятий, которые объединили...

В ДП ВКО наградили лучших следователей

В департаменте полиции Восточно-Казахстанской области отметили День образования следственных органов МВД. Профессиональный праздник собрал действующих сотрудников, ветеранов службы и приглашённых гостей. С поздравлением к...

ШҚО-да кәріз құдығында жұмыс істеп жатқан 3 адам газға уланды

Оқиға Глубокое ауылында болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. - Кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған. Аудандық ТЖБ...