в

Мас күйде қызын боқтаған: ШҚО-да ер адам жауапқа тартылды

Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73- бабы 1-бөлігімен А.есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде жалғыз бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызы «Б»-ға былапыт сөздер айтқан. Әйел адам бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының «аса ауыр» алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған.

Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Предприниматели Усть-Каменогорска представили новые перспективные проекты

Мужская сборная РК по хоккею завоевала золото на Азиатских играх в Харбине