Зайсан аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аудан орталығындағы умен жабдықтау және кәріз жүйелерінің сынған люк қақпақтарын ауыстыру бойынша қызмет көрсете алатын мердігерді іздеп жатыр.
Ресми жарияланған лоттың техникалық сипаттамаларында люктерді ауыстыру тапсырыс берушінің өтініші бойынша жүзеге асырылатыны көрсетілген. Люкті сатып алу жеткізушінің есебінен жүзеге асырылады.
Люктердің қажетті сипаттамалары да белгіленген: «ВК (D400) люгі шойыннан жасалған. Жалпы салмағы — 40 т, қақпақ диаметрі — 600 мм, корпустағы диаметрі 820 мм кем емес, қақпақ биіктігі — 50 мм, жеке салмағы — 120 келіден кем емес. Ауыстырылатын люктердің саны — 300.