в

Өскеменде мүмкіндігі шектеулі зейнеткерге жеке куәлік алуға көмек көрсетілді

Қалалық Полиция басқармасы көші-қон қызметінің мамандары мүмкіндігі шектеулі 63 жастағы әжеге жеке куәлік ресімдеуде көмек көрсетті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

— Құжаттар қысқа мерзімде дайындалып, жеке куәлік зейнеткердің үйіне жеткізілді. Өз кезегінде ол көрсетілген қамқорлық үшін полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары жыл басынан бері осындай көмекке мұқтаж жеті азаматқа қолдау көрсеткен.

Восточноказахстанских спортсменов — звезд мировых турниров встретили в Усть-Каменогорске

Инвестиции в туризм Казахстана выросли на 20,3% за 2024 год