2500-ден астам адам, 1 мыңға жуық техника: Шығыс Қазақстанда су тасқынына дайындық қызу

Биыл өңір бойынша қар жамылғысы көп жылғы орташа деңгейден жоғары. Қар жамылғысының биіктігі 11 см-ден 136 см-ге дейінгі аралықта. Облыстың таулы аудандарында нормадан асқан ең көп қар қоры Риддер қаласында, Алтай және Катонқарағай аудандарында байқалып отыр. Өзендердегі мұздың қалыңдығы 12 см-ден 77 см-ге дейін жетеді.

— Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай, Күршім, Шемонаиха, Марқакөл аудандарындағы өзендерде профилактикалық жарылыс жұмыстарын жүргізу қажет болатын учаскелер анықталды. Су тасқынының алдын алу үшін жағалауды нығайту, каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын, көпірлерді тазарту жұмыстары жүргізілуде. Құтқарушылар су басу қаупі төнуі мүмкін үйлерді аралап, халыққа тиісті нұсқаулық беріп жатыр. Сондай-ақ 64 мың дана ыдыс-қап, 9 мың инертті және 263 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалған, — дейді ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Оның айтуынша, жағдай қиындап кетсе 2511 адам, 935 техника, 46 жүзу құралы, 242 мотопомпадан тұратын арнайы топтар құрылды. Аймақ бойынша қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен жалпы сыйымдылығы 21 мыңнан асатын халықты уақытша орналастыратын 182 пункт бар.

Новые статьи

19 жас офицер Шығыс Қазақстан шекарасын күзетуге кіріседі

Шығыс Қазақстанда 19 жас офицер мемлекеттік шекарадағы қызметіне кірісуге дайындалып жатыр. Күршім және Зайсан аудандарына аттанар алдында лейтенанттар облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановпен кездесті. Түлектердің басым...

В Усть-Каменогорске свадебный кортеж привлекли к ответственности за нарушения ПДД

На проспекте Сатпаева в Усть-Каменогорске сотрудники полиции выявили свадебный кортеж, участники которого нарушали правила дорожного движения. На видеозаписи видно, как пассажиры одного из автомобилей во...

Цифровая карта бизнеса объединит данные о предпринимателях и меры господдержки

В Казахстане планируют создать Цифровую карту бизнеса, которая станет инструментом для адресной государственной поддержки предпринимателей и принятия решений на основе комплексных данных. Об этом...

В ВКО выявили 94 несанкционированные свалки в рамках «Таза Қазақстан»

Прокуратура Восточно-Казахстанской области продолжает координировать работу государственных органов по обеспечению экологического порядка, соблюдению правил благоустройства и пресечению нарушений природоохранного законодательства в рамках общенациональной инициативы...