Марқакөлдегі Орта Теректі су қоймасында су тасқыны кезеңінде мамандар кезекшілік етеді

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жұмыс сапарымен Марқакөл ауданына табан тіреді. Биыл қар қалың жауғандықтан, қарғын суға қарсы іс-шараларға ерекше көңіл бөлінуде. Осы ретте облыс әкімі Орта Теректі су қоймасының жағдайымен танысты. Өткен жылы оның техникалық жай-күйіне сараптама жасалып, жөндеу жұмыстарының қажет екені айтылған еді.

Тиісті жұмыстар ауа райының қолайлы кезеңінде басталды. Су ағызғыштың негізі бетондалып, су қоймасының түбіне тор төселді. Облыс әкімі жергілікті халықпен кездесіп, су қоймасының былтыр қалай жұмыс істегенін сұрады. Қазіргі уақытта тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ. Негізгі құрылымдар штатты режимде жұмыс істеуде. Су тасқыны басталған кезде мамандар кезекшілікке шығатын болады.

Айта кету керек, биыл Орта Теректі су қоймасының бөгетін жоспарлы түрде қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланып отыр.

Новые статьи

В ВКО более 25 тысяч человек работают во вредных условиях труда

В Восточно-Казахстанской области 25,1 тысячи человек заняты на работах с вредными и неблагоприятными условиями труда. По этому показателю регион вошёл в число лидеров по...
00:00:50

Аким ВКО Нурымбет Сактаганов назвал провальной работу на местах по вывозу ТБО

В Усть-Каменогорске на совещании по вопросам благоустройства глава региона Нурымбет Сактаганов резко раскритиковал ситуацию с вывозом твердых бытовых отходов (ТБО). Глава региона прямо назвал...

ШҚО әкімі қоқыстың уақтылы шығарылмауына қатысты: «Енді ешқандай сылтау қабылданбайды»

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыс барысында аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қоқысты уақтылы шығару мәселесін көтерді. Өскемен, Риддер қалалары мен Алтай, Зайсан, Шемонаиха...

В Шымкенте завершилась республиканская олимпиада по общественно-гуманитарному направлению

После заключительного этапа республиканской олимпиады по общественно-гуманитарному направлению среди учащихся 10–11 (12) классов, организаторы подвели итоги и наградили лучших школьников страны. Интеллектуальное соревнование охватило предметы...