Astana Indoor Meet Tour-да 40 мемлекеттен келген 110 спортшы бақ сынайды

Бүгін Астана қаласында World Indoor Tour Gold бірінші кезеңінің салтанатты ашылуы өтті. «Qazaqstan» жеңіл атлетика кешенінде 40 мемлекеттен жиналған 110 спортшының басы қосылды. Олар заманауи нысанда 12 тәртіп (ерлерде де, әйелдерде — алтаудан) бойынша өз мүмкіндіктерін байқайды.

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев айтқандай, осындай жоғары деңгейдегі сайыстың Қазақстанда өтіп жатқаны қуанышты жағдай. Олимпиада ойындарының, Әлем чемпионаттары жүлдегерлерінің басым бөлігі осында.

— Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov prizes бәсекесінде бақ сынайтын әр қатысушыға сәттілік және жарқын жеңістер тілейміз. Аталған жарысқа осы спортшы есімінің берілуі жайдан жай емес. Бұл желаяқ Қазақстан жеңіл атлетика тарихына өз атын алтын әріппен жазып қалдырған, — деді Мәулен Әшімбаев.

Ол сонымен қатар жеңіл атлетикада секундтар сыры ғана емес, адамның өзін-өзі жеңе білуі де аса маңызды екенін атап өтті. Бүгін қалың жанкүйерде сол тартысты тамашалауға жақсы мүмкіндік туып отыр.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске выступили творческие коллективы Шемонаихинского района

В Усть-Каменогорске состоялся концерт артистов Шемонаихинского района в рамках областного культурного проекта «Туған жер – алтын бесігім!». Зрителям представили музыкальные и танцевальные номера, а...

В Зайсане до конца года планируют завершить строительство международного аэропорта

В Зайсанском районе Восточно-Казахстанской области завершают строительство нового аэропорта. После ввода объекта в эксплуатацию здесь планируют открыть авиарейсы в Усть-Каменогорск, Алматы и Астану, а...

В ВКО около 100 молодых людей обсудили экологическую ответственность

В Восточно-Казахстанской области прошла встреча «Таза Қазақстан – жастар таңдауы», посвященная экологической культуре и участию молодежи в природоохранных инициативах. В формате Meet Up она...

ШҚО әкімі Зайсандағы Әуезов мектебіне барды

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов пен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Ләззат Шыңғысбаева Зайсан қаласындағы М.Әуезов атындағы орта мектепке барды. Олар білім...