Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданындағы Зубовск кенті әкімінің аппараты осы жұмыстарды орындайтын мердігерлерді іздейді. Автобус маршруты өтетін көлік жолдарын тазалау талап етіледі. Тапсырыс берушінің өтінішіне қарай Зубовск кентінің барлық автокөлік жолдарын тазалауы қажет. Барлығы — 53,3 шақырым. Автобус бағыттары мен Алтай-Зубовск жолдары жеке-жеке көрсетілген.
Мердігердің міндеттеріне не кіретіні нақты жазылған: жаңа жауған қарды, тығыз қарды және мұзды қабаттарды күреу, құммен себу. Су бұру құрылыстарында мұздың және қоқыстың жиналуын болдырмау қажет. Сондай-ақ жолдардағы қар көшкінін тазалау, тегістеу, жол жиектеріндегі, еңістердегі және резервтердегі қар үйінділерін жою, жол белгілері мен тосқауыл қоршауларын қардан тазарту, автобус аялдамаларын, павильондарды қар мен мұздан үнемі тазалау отыру керек. Жол бойында қарды ұстап қалу үшін қар үйінділері мен траншеялар жасау талап етіледі.