Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез жұқтырған адам саны біршама артты

Облыстық Ветеринария басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы төрт жылда мал арасында бруцеллез жұқтыру көрсеткіші 3 есе азайған. Нақты айтқанда, 2020 жылы 3478 болса, 2024 жылы — 1120.

Алайда бруцеллезге шалдыққан адам саны көбейді. Былтыр халық арасында 36 жағдай тіркелсе, оның алдыңғы жылдары ауру жұқтырғандар саны саусақпен санарлықтай еді. Науқастар арасында Марқакөл, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Үлкен Нарын, Глубокое, Ұлан аудандары мен Өскемен қаласының тұрғындары бар.

— Аурудың алдын алу үшін жаппай екпе салдыртып жатырмыз. Бұл мал басын 80 пайызға дейін қорғауға мүмкіндік береді. Десе де адамдардың бруцеллезге шалдығуы мәселесі әлі де өзекті, — дейді басқарма басшысы Рамиль Сағандықов.

Адамдар арасында ауырғандар санының артуына сапасыз өңделген ет пен сүтті тұтыну себеп болуы мүмкін. Сондықтан өңір жұртшылығына мал өнімдерінен тамақ дайындағанда мұқият болу қажеттігі ескертілді. Ұзақ термиялық өңдеңделген өнімдерде ғана бруцеллез бактериялары жойылады.

Новые статьи

В Усть-Каменогорске прошел турнир памяти Бердибека Сапарбаева

В областном центре в четвертый раз прошел открытый республиканский турнир по мини-футболу среди любительских команд, посвященный памяти государственного и общественного деятеля Бердибека Машбековича Сапарбаева. За...

В Усть-Каменогорске ко Дню Республики подняли государственный флаг

Сегодня, 25 октября, в День Республики Казахстан в Усть-Каменогорске на амфитеатре состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага на новом флагштоке. Мероприятие стало символом уважения к...

Зачем импортировать скот, если свой уже дает 12 тысяч литров молока?

В животноводстве, по мнению аграриев, государственная поддержка также не всегда соответствует задачам развития отечественного производства. В качестве примера руководитель ТОО «ОХМК» Фарид Абитаев привел результаты...

В Казахстане ограничат выезд за рубеж при налоговом долге свыше 27 000 МРП

С 1 октября 2026 года в Казахстане действует дополнительная мера взыскания налоговой задолженности – временное ограничение на выезд из страны. Она распространяется на индивидуальных...