Өскеменде Гематология орталығының құрылысы биыл аяқталады

Құрылысы жүргізіліп жатқан медициналық мекемені бүгін ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров пен Лұқбек Тұмашинов аралап көрді. Республикалық деңгейдегі ауқымды жобаның құны 71,3 млрд теңгені құрайды. Орталықтың құрылысы 2020 жылы басталғанымен, кейін қаржыландыруға қатысты мәселе туындаған болатын. Өткен жылдың соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қайтарылған активтерден бұл нысанға 33 млрд теңге бөлінді. Депутат Лұқбек Тұмашиновтың айтуынша, құрылысты аяқтауға осы қаражат жетіп қалуы керек.

Аталмыш медициналық мекеме тек өңір ғана емес, бүкіл ел үшін бірегей болмақ. Мұнда екі ангиографиялық жүйені қамтитын ультра заманауи қондырғылар орнатылады. Қазірдің өзінде республикалық және шетелдік клиникалар деңгейінде мамандар даярлануда. Атап айтқанда, 35 маман, оның ішінде 13 дәрігер оқуды аяқтады.

Қазір болашақ гематологиялық орталықтың ғимаратына жылу беріліп, қажетті жұмыстар жүргізілуде.

— Бүгінде қосымша келісімдер жасау процесі жүріп жатыр. Ең бастысы, ақша бөлінсе болды. Әрине, құрылысты тезірек аяқтау керек, өйткені мұндай орталық тек Шығыс Қазақстанда болады. Ол бүкіл ел тұрғындарына қажет, — деді депутаттар Ерлан Саиров пен Лұқбек Тұмашинов.

Нысанның жалпы дайындық деңгейі жоспар бойынша 78% құрап отыр. Барлық жұмыстар 2025 жылдың екінші тоқсанында аяқталуы тиіс. Айта кетейік, емдеу мекемесінде 148 төсек-орындық негізгі корпус пен 24 науқасқа есептелген пансионат болады.

Новые статьи

В областной филармонии прошел концерт района Үлкен Нарын

Вечер состоялся в рамках областного проекта «Туған жер – алтын бесігім». Концерт и выставку в фойе посетил аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов. Школьники представили...

В ВКО за девять месяцев вложили 11,8 млрд тенге в туристскую отрасль

Развитие туристической и спортивной инфраструктуры, привлечение инвестиций и доступность занятий спортом стали главными темами встречи вице-министра туризма и спорта РК Мираса Тулебаева с жителями...
00:01:35

Девушка из Усть-Каменогорска спасла девочку с остановкой сердца

Происшествие случилось на стадионе, где Евгения Мироненко находилась на пробежке. Увидев девочку, которой потребовалась срочная помощь, девушка не растерялась и приступила к реанимационным мероприятиям. Евгения...

С 2027 года благотворительную помощь в Казахстане можно будет оформить через госплатформу

С 1 января 2027 года в Казахстане начнет действовать новый порядок организации благотворительных сборов через государственную цифровую платформу. Для получения помощи гражданам потребуется авторизоваться...