в

200-800 мың теңгеден сатқан: ШҚО-да жылғы ұрлаған ер адам ұсталды

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері ірі көлемде мал ұрлаған 50 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, ол өзі жұмыс істеген шаруа қожалығының 17 бас жылқысын ұрлаған. Оларды басқа қораға айдап апарып, 200 мыңнан 800 мың теңгеге дейін сатып келген.

Алдын ала дерек бойынша осының салдарынан мал иесіне келтірілген жалпы шығын мөлшері 5 млн теңгеден асады.

— Қазіргі таңда күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұрланған малдың бір бөлігін тауып, иесіне қайтарды. Тергеу амалдары жалғасуда. Қалған малдарды табу үшін іздеу жұмыстары жүргізілуде, — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.

Осы ретте, Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шаруа қожалық иелеріне малды үнемі тексеріп отыруды, бақылауды күшейтіп, жұмысшы таңдауда мұқият болуды ескертті.

В ВКО пастуха подозревают в краже 17 лошадей на сумму более пяти миллионов тенге

Центр гематологии в Усть-Каменогорске достроят в этом году