ШҚО-да қоғамдық көліктерге арналған электр қозғалтқыштары шығарылуы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев «ДИМ Строй» компаниясы өндірістік кәсіпорнының қызметімен танысты.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өз жұмысын 2007 жылы бастаған. Бүгінгі таңда өңірдегі жетекші кәсіпорындардың бірі саналады. Негізгі қызмет түрлеріне күрделі деңгейдегі өндірістік және азаматтық құрылыс, автоматтандыру, электрмен жабдықтау жүйелерін енгізу және қызмет көрсету, электр құрылғыларын жөндеу, тау-кен, өндірістік және технологиялық жабдықтарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жатады.

Өңір басшысына компания құрастырып, монтаждаған электр қозғалтқышы бар автокөлік үлгілері көрсетілді. Ермек Көшербаев болашақта экологиялық жағдайды жақсарту үшін облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді электр қозғалтқышына көшіру мүмкіндігін қарастыру керектігін атап өтті.

— Егер қазірден бастап өндірісте осындай технологияларды қолдансаңыздар, алдағы уақытта автобустардан бастап, қалған көліктерді де біртіндеп ауыстыруға болады, — деді ол жұмысшылармен әңгіме барысында.

Облыс әкімі жергілікті өндірістерді қолдаудың маңыздылығына тоқталып өтті. Оның сөзінше, «ДИМ Строй» аймақтағы басқа да кәсіпорындар сынды жаңа жұмыс орындарын ашуда, өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуда және заманауи технологияларды енгізуде үлкен рөл атқаратынын жеткізді.

Новые статьи

ФК «Алтай Өскемен» сохраняет место в Казахстанской Премьер-лиге на сезон-2027

Футбольный клуб «Алтай Өскемен» провёл заключительный матч сезона-2026 в Казахстанской Премьер-лиге. Встреча с одним из лидеров чемпионата — алматинским «Кайратом» — завершилась со счётом...

ВКО укрепляет сотрудничество с Кыргызстаном

Восточный Казахстан намерен привлечь больше гостей из Кыргызстана и расширить связи с Иссык-Кульской областью. На форуме в Бишкеке подписали два меморандума: один – между...

Кирилл Проходов завоевал золото чемпионата Азии по фехтованию

Спортсмен из Восточно-Казахстанской области стал победителем континентального первенства среди фехтовальщиков до 23 лет, которое проходит в Манаме (Бахрейн). Кирилл Проходов, воспитанник областной специализированной детско-юношеской школы...
00:00:49

В Усть-Каменогорске открыли Центр гематологии для трех областей

  Новый медицинский комплекс в Усть-Каменогорске будет оказывать специализированную и высокотехнологичную помощь жителям Восточно-Казахстанской, Абайской и Павлодарской областей. Здесь смогут диагностировать и лечить сложные заболевания...