Тарихта бірінші рет: Өскеменде екі науқасқа «тамақтың химиялық күйігі» диагнозы қойылды

Былтыр көктемде өңірде «тамақтың химиялық күйігі» диагнозы енгізілгенімен сол уақыттан бері бірде-бір науқасқа қойылған жоқ. Бірақ соңғы күндері экологиялық жағдай ушығып кеткенде 2 науқасқа осындай диагноз қойылған. Бұл қала тарихында бірінші рет болып отыр.

— Халықаралық аурулар классификациясы (ICD-10) бойынша J68 диагнозы қойылды. Яғни, «Химиялық әсерден тыныс алу жолдарының зақымдануы». Дәрігерлерге химиялық әсер мен әдеттегі инфекцияның аражігін ажырату оңай емес. Себебі симптомдары өте ұқсас. Сол үшін терапевттерді, ЛОР мамандарын, педиатрларды оқытып, біліктіліктерін арттырып жатырмыз, — дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Төлеген Жігітаев.

Айта кетейік, 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, қала ішін түтін тұмшалап алған болатын. Халық тамағы күйіп, басы ауырып, жүрегі айнып, дем алу қиындап кеткеніне шағымданды. Сарапшылар бұған ауаның ластануы себеп болып отырғанын айтқан.

Новые статьи

Нұрлыбек Нәлібаев Өскемендегі энергетика нысандарын аралады

Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Өскемен жылу электр орталығы (ЖЭО) мен Өскемен су электр станциясында (СЭС) болды. Қазір...

Нурлыбек Налибаев посетил энергообъекты Усть-Каменогорска

Первый заместитель премьер-министра Казахстана Нурлыбек Налибаев во время рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область посетил Усть-Каменогорскую ТЭЦ и Усть-Каменогорскую ГЭС. На ТЭЦ реализуют проект расширения, который...

Өскемендегі жолайрық кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі

Өскеменде Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында салынып жатқан жаңа жолайрық қаланың көлік қозғалысы ең тығыз учаскелерінің біріндегі жүктемені азайтуы тиіс. Шығыс Қазақстан...
00:01:26

Заместитель премьер-министра Казахстана Нурлыбек Налибаев посетил строящуюся транспортную развязку в Усть-Каменогорске

  Первый заместитель премьер-министра Казахстана Нурлыбек Налибаев сегодня ознакомился с ходом строительства транспортной развязки на пересечении проспекта Сатпаева и улицы Жибек Жолы в Усть-Каменогорске. Проект...