ШҚО-да баласына алимент төлемеген ер адам түрмеге қамалды

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 43 жастағы ер адам кәмелетке толмаған баласына алимент төлемегені үшін 9 айға бас бостандығынан айырылды. Оның алимент бойынша қарызы 2 миллион теңгеден асқан.

— Ол өз міндеттерін орындаудан бірнеше рет жалтарып, ескертулерге қарамастан еш әрекет етпеді. Сондықтан сот органдары оған қатаң шара — бас бостандығынан айыру жазасын қолдану туралы шешім қабылдады. Бұл жағдай алимент төлеу бойынша міндеттерін жүйелі түрде орындаудан жалтарып жүрген адамдарға қандай санкциялар қолданылатынын көрсетеді, — делінген ақпаратта.

Заңнамаға сәйкес, алимент төлемеудің салдары айыппұлмен ғана шектелмей, қылмыстық жауапкершілікке, тіпті бас бостандығынан айыру жазасына әкеліп соғады. Бұл оқиға соның дәлелі.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері алимент төлемеу фактілері бойынша сотқа 36 қылмыстық іс сотқа жолданған.

Новые статьи

В ВКО аграрии убрали 97 процентов зерновых площадей

В Восточно-Казахстанской области завершается уборка зерновых и зернобобовых культур. Урожай собрали с 241 тыс. га из 249 тыс. га запланированных площадей. Средняя урожайность составила...

Казгидромет начал использовать искусственный интеллект для прогнозирования погоды

Средняя температура воздуха в Казахстане в октябре и ноябре ожидается на 1–2 градуса выше нормы. Об этом на заседании правительства сообщил министр экологии и...

С 1 октября банки Казахстана будут проводить анкетирование при оформлении онлайн-займов

С 1 октября 2026 года в Казахстане вступают в силу изменения в требованиях к условиям осуществления банковской деятельности. Новые нормы направлены в том числе...

В Казахстане подготовили 90 процентов семян под урожай 2027 года

В Казахстане засыпали 2 млн тонн семян из необходимых для посевной кампании 2027 года 2,3 млн тонн. Об этом на заседании правительства сообщил вице-министр...