в

Өскемендіктерге осы айдың соңына дейін далада көп жүрмеуге кеңес берілді

Облыс орталығындағы қолайсыз метеорологиялық жағдай қараша айының соңына дейін созылады. Бұл туралы ШҚО Экология департаментінен мәлім етті.

«Өскеменде 20 қарашадан бері қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқан. Осыған байланысты ауа тұманданып тұр. ҚМЖ қараша айының соңына дейін созылады», — дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Азамат Тәуірбеков.

Осы ретте, халыққа ҚМЖ күндері далада көп жүрмеуге, терезе ашпауға, тамақты тұзды сумен жиі шаюға кеңес берілді.

Айта кетейік, 29 қарашада қала мектептеріндегі бірінші және екінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары онлайн форматқа ауыстырылған.

ШҚО-да анадан балаға АИТВ жұқтырудың алдын алу және емдеу деңгейі жоғары көрсеткішке жетті

Риддер халқы 2025 жылдың соңына дейін толықтай ауызсумен қамтамасыз етілмек