в

Тарбағатай ауданындағы 20 мектептің 17-сі жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған

Аудандағы халықтың 86,4%-ы кең жолақты интернетпен қамтылған. Жергілікті тұрғындарымен кездесуде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов сегіз ауылда интернет жоқтығын атап өтті. Қытаймен шекаралас аймақта орналасқан Жаңауыл, Ахметбұлақ және Асусай ауылдарының мектептерінде де интернет мәселесі өзекті.

Оның айтуынша, жоспарлы түрде байланыс мұнаралары мен антенналар орнату, мобильді операторлармен келісімдер жасау арқылы бұл мәселе шешімін таппақ.

Сонымен қатар кездесуде денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым тақырыптары талқыланды. Облыс әкімі бірінші орынбасарының сөзінше, бірде-бір мәселе назардан тыс қалмайды.

Нұрымбет Сақтағанов азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдап, мұндай шаралар халықпен кері байланыс орнатуға оң әсер ететіндігін баса айтты.

Из 20 школ в Тарбагатайском районе 17 подключены к высокоскоростному интернету

Из-за выхода скота на железнодорожные пути в 953 случаях наезд на животных предотвратить не удалось