в

ШҚО-да биыл кене шаққандар саны 6,4 пайызға артып отыр

Deer tick sleeping on grass stalk. Ixodes ricinus. The dangerous parasite transmitted infections such as encephalitis and Lyme disease.

Сәуір айынан бері облыс бойынша кене шаққан 3927 адам дәрігерге қаралған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,4 пайызға көбейді. Себебі биыл өңірде кенелерге қолайлы ауа райы болған.

«Кенеден зардап шеккендер саны бойынша Өскемен қаласы (1917 адам) бірінші орында. Одан кейін Риддер қаласы мен Алтай ауданының халқы тұр. Ал кене ең аз шаққандар Ұлан ауданында (13 адам)», — делінген облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті таратқан ақпаратта.

Ауруханаға қаралғандардың 94 пайызы иммуноглобулин алды. Қалғандарына кене энцефалиті вирусының әсерін бейтараптандыратын екпе салынбады.

Кейбіреулері өз еркімен бас тартса, басқалары дәрігерге тым кеш жүгінген.

Антикор РК выявил системные риски в сфере автодорог

Казахстанцы смогут бесплатно получать инновационное лечение от псориаза