ШҚО-да ЖРВИ жұқтырғандар саны күрт өсті

Шығыс Қазақстанда тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекция жұқтырғандар саны күрт өсіп кеткен. Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сауле Слямғазина ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Осы жылдың тоғыз айында өңірде 200 863 адам ЖРВИ-ге шалдыққан. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,74 есе көп. Сонымен қатар тұмаудың зертханалық расталған 228 жағдайы тіркелді. Былтыр 43 адам ғана тұмау жұқтырған еді. Яғни биыл ауырғандар саны 5,6 есе артты.

— Сырқаттану деңгейі көпжылдық бақылаулар көрсеткіштерінен аспайды. Алайда біз облыс тұрғындарына уақытылы вакцина алып, аурудың алдын алуға кеңес береміз, — деді Сауле Слямгазина.

2024-2025 жылдардағы эпидемиялық маусымға дайындық аясында өңірге тұмауға қарсы 75 мың доза вакцина жеткізілді.

— Вакцина қазір халыққа қолжетімді. Медицина қызметкерлерін, жүкті әйелдер мен қарттарды, диспансерлік есептегі балалар мен ересектерді және басқа да тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялауға ерекше назар аударылады, — деді ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары.

Новые статьи

В школьных библиотеках Казахстана насчитывается 142 млн книг

В Казахстане продолжают развивать школьные библиотеки и цифровые ресурсы для чтения. Общий библиотечный фонд организаций образования страны составляет 142 млн экземпляров, более 29 млн...

Казахстан готовится к запуску прямых авиарейсов в США

Казахстан и США обсудили требования, которые необходимо выполнить для открытия прямого авиасообщения между странами. Переговоры прошли в Астане в рамках Недели авиационной безопасности ИКАО...

В Алматы расследуют дело финансовой пирамиды R.O.I. с ущербом на 217 млн тенге

Агентство по финансовому мониторингу расследует дело о создании финансовой пирамиды R.O.I., которая работала под видом потребительского кооператива. Потерпевшими признаны 275 человек, общий ущерб составил...

Өскеменде әуежайда темекі тұқылын жерге тастағандар камера арқылы анықталды

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Өскемен қаласында бейнебақылау камераларымен қоғамдық орындарды ластау және тыйым салынған жерлерде темекі шегу деректері тіркелді. Бұл туралы ШҚО Полиция департаментінен...