Абай облысында имам көлікпен қаққан 11 жасар қыз ауруханада мерт болды

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 14 қазанда сағат 11:40 шамасында Үржар ауылында болған.

«Toyota Rav-4 маркалы автокөлікті тізгіндеп келе жатқан 44 жастағы жүргізуші Гагарин көшесінде 11 жастағы қызды қағып кетті. Бала Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген ақпаратта.

Облыстың бас имамы Асқар Мұқанов жүргізушінің имам болғанын растады.

«Үржар ауылдық мешітінің имамы абайсызда жеке көлігімен жеткіншекті қағып кеткен. Оның айтуынша, бір үйдің ауласында байланып тұрған иттің үргенінен шошыған қыз жолға жүгіріп шыққан. Сол кезде өзі 40-пен келе жатқан. Көлікті тоқтатып үлгермей қалыпты. Оқиға болғаннан кейін қызды дереу ауруханаға өзі жеткізген. Өкінішке қарай, басымен асфальтқа құлаған бала ота үстінде қаза болды. Бүлдіршіннің ата-анасы мен туған туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Қарындасымыздың оқыстан болған қазасы бәріміздің жүрегімізге ауыр батып отыр», — деді ол.

Новые статьи

Какие товары можно ввозить в Казахстан для личного пользования

При пересечении таможенной границы ЕАЭС физические лица могут ввозить товары для личных, семейных и домашних нужд. Однако для отдельных категорий действуют ограничения по количеству. К...

В Минсельхозе Казахстана потребовали устранять причины повторных обращений граждан

В министерстве сельского хозяйства Казахстана подвели итоги работы с обращениями граждан за девять месяцев 2026 года. Руководство ведомства потребовало усилить контроль за сроками рассмотрения...

Новые вагоны Stadler запустят на маршрутах Астана — Алматы и Астана — Семей

Пассажирские поезда из новых вагонов Stadler начнут курсировать между Астаной и Алматы с 11 ноября, а между столицей и Семеем - с 13 ноября....

Данные с 25 экологических постов Усть-Каменогорска стали доступны в приложении Air.kz

Жители Усть-Каменогорска теперь могут следить за качеством воздуха по данным 25 экологических постов через мобильное приложение Air.kz. Информация о состоянии атмосферного воздуха отображается в...