Өңірдегі басшы кадрлардың тапшылығы мен педагог жетіспеушілігі туралы ШҚО Білім басқармасынан мәлім етті. Ведомство басшысы Қуат Оқасовтың айтуынша, бүгінде 48 жалпы білім беретін мектепте директор жоқ.
— Педагогтердің көбісінің директорлық қызметке ұмтылмайтынын байқап отырмыз. Себебі онда жауапкершілік жоғары, ал ынталандыру жеткіліксіз. Соның салдарынан өңірде мектеп басшыларының тапшылығы қалыптасты, — деді ол.
Сонымен қатар мұғалімдердің жетіспеушілігі де өзекті. Облысқа шамамен 100 маман қажет. Әсіресе, бұл мәселе шалғай елді мекендерде өткір сезіледі.
— Кадр тартудың түрлі тетіктері қарастырылып жатыр. Соның ішінде қоныс аудару бағдарламалары мен ынталандыру шаралары да бар, — деп хабарлады басқармадан.

