Оқиға Глубокое ауылында болған. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
— Кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде үш жұмысшы газбен уланған. Аудандық ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов оқиға орнына бірінші болып келді. Олар құдықтан зардап шеккен екі адамды сыртқа шығарды. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

