Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

Президентке өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрымбет Сақтағанов:

2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты.

Инвестиция, құрылыс, ауыл шаруашылығы және сауда салалары өсім көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 838 миллиард теңгеден асты. Инвестициялық портфельде 101 жоба бар.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 460 миллиард теңгеге жуықтады. Ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім 550 миллиард теңгеден, ал сауда саласында 2 460 миллиард теңгеден асты.

407 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде тұрақтап, 29 мың адам еңбекпен қамтылды.

Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы аясында биыл 17 440 жұмыс орнын ашу (І тоқсанның қорытындысы бойынша 3 317 жұмыс орны ашылды) қарастырылып отырғаны жөнінде мәлімдеді.

Әлеуметтік салада АӘК алушылар саны азайып келеді.

Ауылдық аумақтарды дамыту және қоныстанушыларды қолдау бағдарламалары, соның ішінде «Шығыс шақырады» өңірлік жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Шығыс Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғыртуға баса мән беріледі. Былтыр ұзындығы 856 шақырым болатын жолдар мен көшелерде жөндеу жұмыстары аяқталды.

Мемлекет басшысы:

Экологиялық ахуалды жақсарту, экономиканы әртараптандыру, инвестиция тарту және өңірдегі туризмді дамыту жұмыстарын жалғастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Новые статьи

В ВКО на выходных потеплеет до +26 градусов

В Восточно-Казахстанской области в предстоящие выходные ожидается по-настоящему весенняя погода. Синоптики прогнозируют значительное потепление и отсутствие осадков. По данным РГП «Казгидромет», в начале периода в...
00:00:59

Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял акима Восточно-Казахстанской области Нурымбета Сактаганова

Президенту было доложено о социально-экономическом развитии региона и реализуемых мерах по обеспечению устойчивого роста. Нурымбет Сактаганов сообщил, что по итогам 2025 года область сохранила положительную...

В ВКО завершили весенний этап вакцинации сельхозживотных

В Восточно-Казахстанской области продолжается системная работа по профилактике заболеваний сельскохозяйственных животных. Ветеринарные службы региона проводят комплексные мероприятия на постоянной основе. Так, осуществляется вакцинация скота,...

ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот үкімі шықты

Бүгін Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сот процесі аяқталды. Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің...