Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
— Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, өңірде 2026-2027 жылдары 7 мың гектардан астам аумаққа 36 млн дана көшет отырғызу көзделген. Биыл 3,3 мың гектар аумаққа 17,5 млн көшет отырғызылады, — деді аймақ басшысы.
Қазіргі уақытта облыстағы 26 тұқымбақта 7,3 млн дана көшет бар. Отырғызу материалдары тапшылығы мәселесін шешу үшін осы жылы қосымша көшеттер сатып алу жоспарланған. Сондай-ақ күз кезінде жапырақты ағаш түрлері егіледі. Ал қарағаш тұқымын себу көктемде жүргізіліп, кейін оны өсіріп, күзде отырғызу көзделіп отыр.
— Орман шаруашылықтарын өз отырғызу материалымен қамтамасыз ету мақсатында биыл Верх-Уба орман шаруашылығында жабық тамыр жүйесі кешенін салу жоспарлануда. Алдағы уақытта осындай жобалар облыстың басқа орман шаруашылықтарында да жүзеге асырылады, — деді Нұрымбет Сақтағанов.

