Шығыс Қазақстан облысында «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында көші-қон қызметінің мамандары заңнама талаптарын бұзу фактілерін анықтады.
— Бір күннің ішінде 50-ден астам шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда, 17 наурыз күні Өскемен қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде көршілес мемлекеттің 21 азаматы тұрғын үй кешенінің құрылысында тиісті рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны белгілі болды, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінен.
Департаменттің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаевтың айтуынша, жұмыс беруші де Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы бойынша — шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны және шетел азаматтарының келуі туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері — 100 АЕК-ті құрады.

