back to top

ШҚО-да 650-ге жуық азамат әскерге аттанбақ

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі әскерге шақыру науқанында цифрлық сервистер белсенді қолданылмақ. Жоспар бойынша биыл әскер қатарына шамамен 650 азамат жіберіледі.
Әскерге шақыру науқаны 1 наурызда басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Соңғы жылдардағы негізгі өзгерістердің бірі — әскери есеп жүйесін цифрландыру.
ШҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мәліметінше, бүгінде әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу толықтай электронды форматқа көшірілген. Бұл әскери басқару органдарының жұмысын автоматтандыруға және деректерді өңдеу процесін жеделдетуге мүмкіндік беріп отыр.

— Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылды. Осылайша, жергілікті әскери басқару органдарының жұмысы автоматтандырылды. Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату eGov электронды үкімет порталы арқылы рәсімделеді, — деді департамент бастығының орынбасары Қазбек Ахметов.

Енді шақырылушылар өздерінің әскери қызметке қатысты мәртебесі туралы ақпаратты eGov порталы арқылы электронды түрде ала алады. Сондай-ақ әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату сияқты мемлекеттік қызметтер де осы портал арқылы көрсетіледі.

Азаматтарды әскери комиссариатқа келу қажеттігі туралы хабардар ету бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады. Атап айтқанда, дәстүрлі түрде тұрғылықты жері немесе жұмыс орны бойынша шақыру қағазын тапсыру, 1414 қызметінен келетін SMS-хабарламалар және eGov.kz, eOtinish.kz порталдары мен eGov Mobile қосымшасынан жіберілетін электронды хабарламалар арқылы.

Егер шақырылушы осындай хабарлама алса, белгіленген уақытта әскери комиссариатқа келуге міндетті.

— Әскери қызмет — әрбір жас азаматтың заңмен бекітілген міндеті. Одан жалтару әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеледі, — деді Қазбек Ахметов.

Новые статьи

Спасатели ВКО предупредили об опасности весеннего льда

В Восточно-Казахстанской области спасатели предупредили жителей об опасности нахождения на весеннем льду. Об этом представители Департамента по чрезвычайным ситуациям ВКО рассказали на брифинге для...

На базе Центра развития трудовых ресурсов стартовала IT-программа «DIGITAL NAURYZ»

С 16 по 20 марта 2026 года в рамках празднования декады «Наурызнама» Министерство труда и социальной защиты населения РК (далее – МТСЗН) проводит профильную...

В Казахстане за год родились 335 тысяч детей

В 2025 году в Казахстане родилось 335 тысяч детей. Такие данные приводит официальная статистика по итогам года. Среди новорождённых 51,5% составили мальчики, а 48,5% —...

В Казахстане могут изменить правила экспорта говядины

В Казахстане предлагают изменить критерии вывоза говядины за пределы страны. Соответствующий проект поправок подготовлен Министерством сельского хозяйства и вынесен на публичное обсуждение. Документ предусматривает корректировку...