back to top

Туризм құжаттарға «тірелді»: ШҚО-да 100-ден астам бас жоспар шұғыл қайта қаралып жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы туристік жерлерді дамыту көбіне табиғатқа немесе инфрақұрылымға емес, құрылысқа қатысты құжаттарға байланысты болып отыр.

Өңірде елді мекендердің бас жоспарларын ауқымды түрде түзету жұмыстары басталды. Себебі бұл құжаттарсыз жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу мүмкін емес.

ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, өңір бойынша 257 елді мекен бар. Оның алтауы қала, 251-і ауыл. Соның ішінде 186 елді мекен үшін бас жоспар әзірленген.

Алайда олардың тек жартысына жуығы ғана өзектілігін сақтап отыр. Жалпы елді мекендердің бекітілген бас жоспарлармен қамтылу деңгейі 52 пайызды құрайды. Сонымен қатар 104 бас жоспардың қолданылу мерзімі өтіп кеткендіктен, оларды қайта түзету қажет.

— Бекітілген бас жоспарларсыз инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан бұл құжаттарды жаңарту туризмді дамыту мен өңірге инвестор тартуға тікелей әсер етеді, — деп хабарлады басқармадан.

Әсіресе туристік аймақтарда орналасқан елді мекендерге ерекше назар аударылып отыр.

Мәселен, Риддер қаласының бас жоспары туризмді дамыту бағытын ескере отырып түзетіліп жатыр. Сондай-ақ Риддер маңындағы Үлбі кенті мен Поперечное ауылы үшін де құрылыс құжаттарын әзірлеу жоспарланған.

Глубокое ауданында жоспарлау құжаттарын жаңарту Зимовье және Горная Ульбинка ауылдарын қамтиды. Бұл аумақта «Алтай альпісі» тау шаңғысы кешені мен Forest Hills жобасы дамып келеді.

Бұқтырма су қоймасының жағалауында да құрылыс жоспарлары белсенді түрде қайта қаралып жатыр. Алтай ауданында туристер жиі баратын Жаңа Бұқтырма, Октябрьский және Голубой Залив елді мекендері үшін бас жоспарлар қажет. Жаңа Бұқтырманың бас жоспары әзірленіп, қазір мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Самар ауданында да кешенді жұмыстар қолға алынған. Мұнда Новостройка, Сарыбел, Самар ауылдарының бас жоспарлары дайындалған. Олар келесі жылы мемлекеттік сараптамадан өтуі тиіс.

Алдағы уақытта құрылыс жұмыстарын жоспарлау шаралары басқа да туристік аймақтарды қамтиды. Олардың қатарында Сібе көлдері, Айыр көлі, Дұбығалы көлі және Шыбындыкөл бар.

Жеке бағыт ретінде Зайсан мен Марқакөл көлдерінің айналасындағы аумақтарды дамыту қарастырылып отыр. Зайсан ауданында әуежай құрылысына байланысты Зайсан қаласының бас жоспарына түзетулер енгізілуде.

2025 жылы бас жоспарларды әзірлеу мен түзетуге 40 млн теңге бөлінді. Ал 2026 жылы бұл жұмысты жалғастыру үшін қосымша 109,5 млн теңге бөлінуі тиіс.

Новые статьи

В Казахстане усиливается внутренняя переработка сырья

В соответствии с поручениями Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева по развитию глубокой переработки сырья и увеличению доли обрабатывающей промышленности Министерством промышленности и строительства реализуются...

Минтруда предупреждает о ложных схемах получения социальных выплат

В социальных сетях и мессенджерах распространяется недостоверная информация о возможности оформления женщинами социальных выплат по безработице после достижения ребенком возраста 1,5 лет. Авторы подобных рассылок...

С начала года число пользователей Национальной электронной библиотеки превысило 227 тысяч

С начала года количество удаленных пользователей Казахстанской национальной электронной библиотеки достигло 227 446 читателей. Количество документов, загруженных с разрешения авторов, составило 329 485, а...

ШҚО-дағы Үбі өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясындағы мұз жару жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылды. -...