ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені аясындағы мұз жару жұмыстарына құтқарушылар мен жергілікті атқарушы орган өкілдері тартылды.

— Шемонаиха ауданындағы Үбі өзеніндегі жарылыстар барысында жалпы ауданы 10200 шаршы метр мұз ұсақталды. Бұл жұмыстар мұз кептелуін болдырмау мақсатында ұйымдастырылды. Мұзды ұсақтау өзен арнасы тарылатын немесе күрт өзгеретін жерлерде, мұз көпір тіректеріне зақым келтірмес үшін жүргізілді, — делінген ақпаратта.
Мұздағы жарылыс жұмыстарының нәтижесінде елді мекендер үшін су тасқыны қаупі барынша азайтылады.

