Достықты ту еткен, көпұлтты, еңбекқор халқы бар, қонақжай дәстүрі, жасампаз салты, әсем табиғаты мен мыңжылдық тарихы тоғысқан Төр Алтай жұрты – қадірлі жерлестер!
Алдымызда еліміздің болашағы мен мемлекетіміздің даму бағытына тікелей әсер ететін маңызды кезең тұр. Жаңа Ата заң жобасында «Әділетті Қазақстан» құндылығы, «Заң мен тәртіп» қағидаты, Отанымыздың демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ұғымдары айқын көрініс тапты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, біз ел тағдырын айқындайтын тарихи шешімдерді бүкіл халық болып ақылдасып, бірге қабылдаймыз! Ар-намысты арқау етіп, заң мен тәртіпті төрге оздырып, ұлттық бірегейлігіміз бен тұтастығымыз сыналар шақта, әрқайсымыз, ұрпақ қамы, ел болашағы үшін асқан жауапкершілік танытып, тарихи тағдырлы қадам жасауымыз керек.
Бұл біздің ұлт болып сақталып, ел болып, мемлекеттілігімізді нығайтудың басты факторы. Сондықтан да, әр дауыс маңызды!
Баршаңызды 15 наурызда, кемел келешегіміз айқындалатын тұста – республикалық референдумға қатысып, еліміздің жарқын болашағы үшін, дауыс беруге шақырамын!

