Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 44 жастағы жүргізуші «Nissan Cefiro» маркалы автокөлігін тізгіндеп келе жатып, Абай даңғылы бойында рульге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан «Deo» маркалы автобуспен соқтығысқан.
Жол апатының салдарынан «Nissan Cefiro» көлігінің жүргізушісі мен жолаушылары түрлі дене жарақаттарын алды. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадалары келіп, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.
— Аталған факті бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — делінген ақпаратта.

