back to top

Шығыс Қазақстанда қаруды сақтау ережелерін бұзу фактілері күрт көбейді

Шығыс Қазақстан облысында былтыр қару айналымына қатысты 103 құқықбұзушылық анықталды. Ал осы жылдың алғашқы екі айының өзінде бұл көрсеткіш 106-ға жеткен. Бұл туралы ШҚО ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Орал Рыспаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

— Құқықбұзушылықтардың басым бөлігі қару иелерінің салғырттығы салдарынан болып отыр. Көп жағдайда қару иелері қаруды сақтау және пайдалану талаптарын толық сақтамайды. Мәселен, уақытылы тексерістен өтпеу, қару сақталатын сейфке орнатылған сигнализацияны қоспау сияқты жағдайлар кездеседі, — деді ол.

Сонымен қатар кейбір азаматтар қару сақталатын сейфке алтын бұйымдар мен ақшаны бірге сақтайтыны да анықталған. Бұл қауіпсіздік талаптарына қайшы келеді.

— Тағы бір назар аударарлық жайт — тіркелген қару иелері санының азаюы. Мәселен, 2025 жылы өңірде 8768 қару иесі тіркелген болса, 2026 жылы олардың саны 8340 адамды құраған. Бұл көрсеткіш қару сақтау талаптарының күшеюімен және азаматтардың қаруды ерікті түрде тапсыруымен байланысты болуы мүмкін, — деді Орал Рыспаев.

Новые статьи

Казахстан, Узбекистан и Азербайджан будут совместно развивать зелёную энергетику

Мажилис ратифицировал Соглашение о стратегическом партнёрстве в области производства и передачи зелёной энергии с Азербайджаном и Узбекистаном. Стороны подписали документ 13 ноября 2024 года...

ЦОНы Восточного Казахстана не будут работать с 21 по 24 марта

В дни празднования Наурыза нерабочими днями в ЦОНах и спецЦОНах будут 21, 22, 23, 24 марта. Среда, 25 марта, будет рабочим днем для дежурных ЦОНов...

Страны СНГ договорились о регулярном обмене данными о радиационной обстановке

Мажилис ратифицировал Соглашение о взаимодействии государств-участников СНГ при обмене данными мониторинга радиационной обстановки, совершённое 8 июня 2023 года в городе Сочи. В рамках сотрудничества стороны...

Риддерде автобус пен көлік соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 44 жастағы жүргізуші «Nissan Cefiro» маркалы автокөлігін тізгіндеп келе жатып, Абай даңғылы бойында рульге ие бола алмай, қарсы...