back to top

Өскемен полицейлері интернет-алаяқтықтың жаңа тәсілдері туралы ескертті

Өскемен қаласының полиция қызметкерлері тұрғындарды интернет-алаяқтардың жаңа әдіс-тәсілдерге көшкенін айтып, сақ болуға шақырды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтар белгілі компаниялар, банктер мен инвестициялық платформалардың сыртқы келбетін қайталайтын фишингтік сайттар жасап жатыр. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы «тиімді инвестиция» туралы жалған ұсыныстар таратылып, сол арқылы азаматтардың қаражатын жымқыруға тырысады.

Сонымен қатар қылмыскерлер заманауи технологияларды да жиі қолдана бастаған. Олар жасанды интеллект көмегімен жасалған жалған суреттерді, бейнероликтерді, тіпті танымал адамдардың дауыстарын пайдаланады. Мұндай материалдар жалған инвестициялық платформаларды жарнамалап, қолданушыларға сенімді әсер қалыптастыру үшін таратылады.

Кең таралған тағы бір алаяқтық тәсіл — бұрын инвестициялық жобаларда жоғалтқан қаражатты «қайтарып беруге» қатысты ұсыныстар. Әлеуметтік желілерде өздерін «заңгер» немесе «қаражатты қайтару бойынша маман» ретінде таныстыратын адамдардың жарнамалары жарияланады. Осылай бұрын зардап шеккен азаматтарды тағы да тұзаққа түсіреді.

Полицейлер қала тұрғындарына қауіпсіздік шараларын еске салды:
— Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
— Жеке және банктік деректерді бөгде адамдарға бермеңіз;
— Ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеріңіз;
— Жоғары табыс уәде етілетін инвестициялық ұсыныстарға сақтықпен қараңыз.

Новые статьи

В Казахстане стартует праздничная акция «Nauryz Sale»

В преддверии празднования Наурыза в Казахстане стартует масштабная республиканская акция «Nauryz Sale», которая пройдет с 13 по 23 марта 2026 года на всей территории...

На электронной бирже труда РК в феврале размещено 99 тыс. вакансий

В феврале 2026 года на Электронной бирже труда Enbek.kz работодателями размещено 99 тыс. вакансий, а соискатели опубликовали 124,9 тыс. резюме. По сравнению с январем...

Рынок азартных игр в Казахстане вырос в десятки раз за последние годы

За последнее десятилетие рынок азартных игр в Казахстане значительно увеличился и сегодня в разы превышает прежние показатели. Если в период с 2015 по 2019...

В Восточном Казахстане с начала года выявили 106 нарушений правил хранения оружия

В Восточно-Казахстанской области зафиксирован рост нарушений правил хранения гражданского оружия. Об этом на брифинге в Региональной службе коммуникаций сообщил начальник управления общественной безопасности Департамента...