back to top

Шығыс Қазақстанда үздік әйелдер марапатталды

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты шара өтті. Мерекелік жиында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Аймақ басшысы әйелдердің қоғамдағы ерекше рөлін атап өтіп, олардың отбасының тірегі, ұлттық құндылықтардың сақтаушысы болып, ел дамуына үлес қосып жүргендерін айтты.

«Әр адамның өміріндегі ең жарқын сәттер әйелмен байланысты. Сіздер өмір сыйлап, ел болашағын ту еткен ұрпақты тәрбиелеп, отбасы құндылықтарын сақтайсыздар және мемлекетіміз бен өңіріміздің даму жолында ерен еңбек етіп келесіздер», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Салтанатты жиында әйелдер мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында дәрігерлер, кәсіпкер әйелдер және түрлі сала өкілдері бар.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар:
— Наталья Васильевна Воропай — Ұлан ауданындағы «Багратион Ұлан» ЖШС құрылтайшысы әрі директоры. Шағын және орта бизнес саласындағы «Үздік кәсіпкер» өңірлік байқауларының жеңімпазы. Жалпы еңбек өтілі — 28 жыл.
— Әлия Сайлауханқызы Жігітаева — «Happy Clinic» медициналық орталығының негізін қалаушы әрі директоры. «Үздік кәсіпкер» байқауында «Үздік әйел-кәсіпкер» номинациясының жеңімпазы. Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысады. Еңбек өтілі — 20 жыл.
— Айгүл Сайлауханқызы Күдербаева — Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының анестезиология, реанимация және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің дәрігер-анестезиолог-реаниматологы. 30 жылдық еңбек өтілі бар жоғары білікті маман.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 2 наурыздағы №1187 Жарлығына сәйкес «Алтын алқа» алқасымен көпбалалы аналар марапатталды:
— Алтынай Құмашқызы Қылқабаева — Зайсан ауданы
— Күлизә Орынғазы — Зайсан ауданы Сондай-ақ шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің құттықтау хаты оқылды. Мерекелік кеш шығармашылық ұжымдар мен белгілі өнерпаздардың қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

Новые статьи

Волейбольный центр в Усть-Каменогорске достроят в декабре

В Усть-Каменогорске началось строительство нового волейбольного центра. Спортивный объект возводят в 19-м микрорайоне города. Будущий комплекс станет современной площадкой для тренировок и проведения соревнований. Здание...

В Усть-Каменогорске состоялось торжественное мероприятие к Международному женскому дню

В Усть-Каменогорске прошло торжественное мероприятие и праздничный концерт, посвящённые Международному женскому дню. В этот день в зале собрались представительницы различных сфер - образования, медицины,...

В Усть-Каменогорске столкнулись несколько автомобилей

Серьезное ДТП произошло сегодня в районе перевала Чечек на 2 километре дороги Усть-Каменогорск-Самар. Водитель автомобиля марки «Toyota Carib не учел метеорологические условия, скользкое дорожное покрытие...

Праздничные выходные в ВКО будут теплыми и снежными

Предстоящие выходные в регионе ожидается неустойчивый характер погоды. Под влиянием циклона и атмосферных фронтов в большинстве регионов пройдут осадки в виде дождя и снега. На востоке...