back to top

ШҚО-да референдум кезінде 530-дан астам сайлау учаскесі жұмыс істейді

Өңірде референдум өткізуге байланысты барлығы 547 комиссия жұмыс істейді. Оның ішінде 14-і — аумақтық комиссия, 533-і учаскелік комиссия. Бұл туралы ШҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Жанар Алханова айтып берді.

— Комиссиялардың құрамында жалпы саны 3821 адам бар. Соның ішінде 98-і аумақтық, 3723-і учаскелік комиссия мүшелері. Облыста барлығы 533 сайлау учаскесі құрылған. Оның 501-і тіркеу орны бойынша, ал 32-сі уақытша болатын орындарда орналасқан, — деді ол.

Учаскелердің 129-ы немесе 24,2 пайызы Өскемен қаласында орын тепкен. Шығыс Қазақстандағы сайлаушылар саны 485 109 адам.

— Өңірде 3048 мүгедектігі бар сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 1047-сі арбаға таңылғандар, 957-сі есту қабілеті, ал 1017-сі көру қабілеті бұзылған азаматтар. Шығыс Қазақстан облысында сайлаушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 213 онлайн сервис және азаматтарды тіркеуге арналған 5 сервис ұйымдастырылған, — деді Жанар Алханова.

Сонымен қатар облыс бойынша барлық сайлау учаскесінің мекенжайы мен байланыс деректерін ұсынатын 14 Call-орталық жұмыс істеп тұр.

Новые статьи

Женщины-военнослужащие МЧС: мужество на службе и забота в семье

Женщины-офицеры в рядах МЧС ежедневно вносят значительный вклад в обеспечение безопасности граждан и поддержание морально-психологического состояния личного состава, сочетая службу с семейными обязанностями.   Старший...

В Казахстане число социальных предпринимателей за год выросло почти в два раза

Министерством утвержден Реестр субъектов социального предпринимательства по состоянию на 31 декабря 2025 года. В него включен 1431 субъект социального предпринимательства, тогда как по итогам...

В Казахстане ускоряют темпы ремонта автомобильных дорог

В Казахстане продолжается масштабная модернизация автомобильных дорог. В ближайшие годы в стране планируют значительно увеличить объёмы дорожных работ и обновить десятки тысяч километров дорожного...

Кредитная история в 40 трлн тенге

Именно такая сумма по кредитам населения и бизнеса в Казахстане. Только за февраль банки выдали новых займов на сумму 2,6 трлн тенге. Такова статистика...