Өскемен қаласындағы өндірістік ангар аумағында болған өрт салдарынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы мәлімет жарияланды.
Еске салсақ, 2 наурыз күні Аврора көшесінде орналасқан ЖШС аумағында өрт шыққан. Жалын жеке тұрған ангар ғимаратынан тұтанып, іштегі арнайы техникаға да жайылған.
Нысан қызметкерлері құтқарушылар келгенге дейін өз бетінше сырта шығып үлгерді. Өрт салдарынан барлығы 3 адам зардап шеккен.
1964 және 1972 жылғы екі азаматқа ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жанындағы Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кейін олар ауруханаға жеткізілді.
Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, екі зардап шегуші травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр. Ал үшінші азамат амбулаториялық емдеуге жіберілген.
— Екі науқас та есін біледі, жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Жарақаттарына алғашқы хирургиялық ем-дом жүргізіліп, күйікке қарсы жақпамай жағылған таңғыштар салынды. Сондай-ақ оларға бактерияға қарсы вакцина егілді, — деп хабарлады ведомство өкілдері.
