back to top

Шығыс Қазақстандағы екі айдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланды

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиналыста 2026 жылдың қаңтар-ақпан айларындағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері талқыға салынған жиналыс өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, басқарма басшылары мен қала, аудан әкімдері қатысты.
ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрсұлтан Маратов баяндама жасап, соңғы көрсеткіштерді айтып берді.
«Екі айдағы жеке инвестициялар көлемі 80 млрд теңгеге жуықтайды деп болжанып отыр. Ауыл, орман және балық шаруашылығының жалпы өнімі 30 млрд теңгеден аспақ. Сондай-ақ көтерме сауда, бөлшек сауда мен құрылыс жұмыстарының көлемі өседі деп күтілуде», — деді ол.
Пайдалануға берілетін тұрғын үй көлемі 11,5 мың шаршы метрді құрап, өсім 103% деңгейінде болмақ. Ал өңдеу өнеркәсібінде 380 млрд теңгеден асатын өнім өндірілуі ықтимал. Яғни, жоспар толық орындалмайды деп күтілуде.
Облыс әкімі көрсеткіштерді орындамай жатқан әр қала, аудан әкіміне ескерту жасап, бұл бағыттағы жұмыс қарқынын күшейту қажеттігін айтты.
«Ауыл шаруашылығы басқармасы қала және аудан әкімдерімен бірлесіп агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдетуі тиіс. Сондай-ақ әкімдер мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармаларымен бірлесіп, жоспарланған құрылыс жұмыстары көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Новые статьи

Туристическое сообщество Восточного Казахстана поддержало конституционную реформу и участие в референдуме  

В Усть-Каменогорске на площадке Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева состоялся круглый стол с представителями туристической сферы области в рамках поездки членов Общенациональной коалиции...

МВД РК опровергло фейк о «беженцах из Сирии и Афганистана», распространяемый в мессенджерах

Министерство внутренних дел Казахстана опровергло распространяемое в социальных сетях и мессенджерах «срочное объявление», в котором говорится о якобы прибывших беженцах из Сирии и Афганистана. В...

Правительство Казахстана и Азиатский банк развития намерены реализовать 15 новых проектов на $5,5 млрд

Премьер-министр Республики Казахстан Олжас Бектенов и президент Азиатского банка развития (АБР) Масато Канда обсудили вопросы развития инвестиционного сотрудничества и финансирования инфраструктурных и социально значимых...

Население Казахстана превысило 20,5 млн человек

Численность населения Казахстана продолжает расти. По состоянию на 1 февраля 2026 года в стране проживает 20 518 005 человек. Большинство казахстанцев живут в городах —...