back to top

ҚР ТЖМ вице-министрі Шығыс Қазақстанның су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін қарап шықты.
Вице-министр гидрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін анықтау үшін су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізді.
Сондай-ақ ол Алтай, Үлкен Нарын, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскелелеріне барды. Онда су тасқынының алдын алу бойынша орындалған инженерлік жұмыстармен танысты.
ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады, ал аудан әкімдіктері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.
Өңірде 28 инженерлік іс-шара орындалды, оның ішінде қорғаныс бөгеттерін жөндеу, су бұру арналарын тазарту және тереңдету, автомобиль жолдарында көпірлер салу және жөндеу. «ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізудің бірыңғай кешені жұмыс істейді, ақпараттық жүйесінде гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары енгізілген. Жүйе 49 гидропостар бойынша 7 күндік болжам жасайды, тәуекелдерді ерте анықтауға және алдын ала шара қабылдауға мүмкіндік береді.
«Су тасқынына қарсы іс-шаралар барлық қызметтердің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстардың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің жедел ден қоюға дайын болуы маңызды. Біз жағдайға мониторинг жүргізіп, жергілікті жерлерде іс- қимылды үйлестіреміз», — деп атап өтті вице-министр.
Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел ден қоюды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма беріп, облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту жөнінде міндеттер қойды.

Новые статьи

Конституционная комиссия приступила к обсуждению проекта поправок

В Астане на втором заседании Комиссии по Конституционной реформе детально рассмотрены ключевые поправки в Основной закон республики. Пакет изменений сформирован с учетом всех многочисленных...

В Минтруда подвели итоги контроля в соцсфере, работы ГФСС и внедрения искусственного интеллекта

В Министерстве труда и социальной защиты населения РК под председательством первого вице-министра Аскарбека Ертаева состоялось аппаратное совещание, где были рассмотрены итоги работы Комитета регулирования...

В Казахстане не зарегистрированы случаи заражения вирусом нипах

В Республике Казахстан случаев заражения вирусом Нипах, а также его завоза на территорию страны не зарегистрировано. На текущий момент эпидемиологическая ситуация в стране остается...

За прошедшую неделю индекс роста цен на социальные продукты питания остался на нуле

В Правительстве под председательством заместителя Премьер-министра – министра национальной экономики Серика Жумангарина рассмотрели ситуацию за прошедшую неделю с ценами на социально значимые продовольственные товары. Средний...