«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бөкебай филиалына қарасты Шадруха орманшылығында қызметкерлер сирек кездесетін сілеусінді көрген.
— Бұл кішкентай, түнгі аңшы – табиғаттың нәзік болмысты жыртқышы. Оның көзге түсуі – резерваттың бай биоалуандығының және экожүйе саулығының айқын дәлелі. Сілеусін табиғаттың биологиялық әртүрлілігін қорғайтын аң. Оның аңшылық шеберлігі – экожүйенің тепе-теңдігін сақтаудағы маңызды күш, — деп хабарлады резерват мамандары.
Резерват аумағында аңшылыққа қатаң тыйым салынған. Жануарларды қорғау шаралары табиғаттың байлығын сақтап, сирек кездесетін аңдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізіледі.

