«Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мәліметіне сүйенсек, 20 қаңтарда Өскемен қаласында атмосфералық ауа сапасына мониторинг жүргізілген.
— Соның нәтижесінде ауаға тараған бірнеше зиянды заттың мөлшері шекті деңгейден асып кеткені анықталды. Ең жоғары көрсеткіштер күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртек тотығы бойынша тіркелді. Атап айтқанда, күкіртсутектің мөлшері шекті нормадан 2,470 есе, күкірт диоксиді 1,807 есе, ал көміртек тотығы 1,713 есе асқан, — делінген ақпаратта.
Сонымен қатар қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдайлар аяқталды. Синоптиктердің мәліметінше, 21 қаңтарда жел соғып, ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтіліп отыр.

